Қоғам

Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе

 / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуЖазылуМүлік салығы жылына бір рет, 1 қазанға дейін төленедіАСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Мүлік салығын төлеп қойған қазақстандықтарға коммуналдық төлем шоты арқылы салықты тағы да төлеу керектігі туралы хабарламалар келіп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитеті мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе деген сауалға жауап берді.МКК ақпаратынша, мүлік салығы жылына бір-ақ рет төленеді.»Егер сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын биыл төлеп қойсаңыз, екінші рет төлеудің қажеті жоқ. Себебі ол жылына бір-ақ рет, осы жылдың 1 қазанына дейін төленеді. Егер сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек», — деп түсіндірді салық органдары.Қазақстандықтар төлеген төлемнің түскендігін немесе салық сомасын өз бетінше біле алады:Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөлімінде, «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» қосымша бетінде;»e-Salyg Azamat» қосымшасында «Электрондық қызметтер» бөлімінде «ЖТ және ЖК бойынша алдағы төлемдер қызметі»;E-gov порталында немесе «eGov mobile» мобильді қосымшасында «Салық салу» бөлімінде «Жеке тұлғалар үшін алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу» бөлімінде;банктік қосымшалар арқылы (Төлемдер/Алдағы салықтарды төлеу).ҚоғамБір миллионнан астам қазақстандықтың мүлік пен көлік салығы бойынша берешегі бар10 Мамыр, 17:03

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»