Освенцим азат етілгеніне – 80 жыл
Освобождение Освенцима© Photo : Посольство России в Казахстане Жазылу
Бұл – ең үлкен неміс концлагеріАСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. 1945 жылдың 27 қаңтарында Кеңес әскерлері Польшаның оңтүстігінде орналасқан немістердің ең үлкен концлагері – Освенцимді азат етті.Ресейдің Қазақстандағы елшілігі осы оқиғаны еске алды.ОсвенцимОсвенцимКонцлагерьде өлтірілгендердің нақты саны әлі белгісіз, фашистер «ажал лагерлеріне» келгеннен кейін бірден газ камераларына жіберілген құрбандардың есебін жүргізбеген, ал 1944 жылдан кейін олар өз қылмыстарының дәлелі болатын деректі және материалдарды жоя бастады.© Photo : Посольство России в Казахстане Освобождение ОсвенцимаОсвобождение Освенцима© Photo : Посольство России в Казахстане 1946 жылы Нюрнберг сотында олар 2,8 миллион адам туралы айтты. Ресей ФҚҚ мұрағатының жарияланған құжаттарына сәйкес, 4 миллионнан астам адам лагерьде өлтірілген.© Photo : Посольство России в Казахстане Освобождение ОсвенцимаОсвобождение Освенцима© Photo : Посольство России в Казахстане Елшілік Кеңес Одағының Батыры Василий Петренконың «Освенцимге дейін және одан кейін» атты естеліктерінен үзінді келтірді:»Мен Освенцимге келген күні онда тірі қалған жеті жарым мың адам анықталды. Мен дені сау адамдарды көрген жоқпын. Немістер ол жерде мүгедектерді қалдырды, ал 18 қаңтарда қалғандарын – жүре алатындардың барлығын өздерімен алып кеткен. Ол жерде өңкей ауру-сырқау, әлжуаздар қалған: бізге барлығы он мыңнан асатындай адам болғанын айтты. Кейіннен балаларды көрдім. Сұмдық көрініс: аштықтан ісінген қарын, алақ-жұлақ еткен көздер; өте арық қолдар, жіңішке аяқтар; бастары үлкен. Балалар үнсіз тұрды және тек қолдарындағы таңбаны көрсетті. Бұл адамдарда көз жасы болмады. Мен олардың көздерін сүртуге тырысқанын көрдім, бірақ көздері құрғақ болып тұрды», — деп еске алады Василий Петренко.© Photo : Посольство России в Казахстане Освобождение ОсвенцимаОсвобождение Освенцима© Photo : Посольство России в Казахстане Жеңіс мұражайының сайтында сол кездегі фотосуреттер мен құжаттардан тұратын «Освенцим. Ақиқат» көрмесі орналасқан. Сондай-ақ лагерь әкімшілігі қайтыс болған кеңестік әскери тұтқындарды енгізген «Өлім кітабындағы» жазбалар бар.Бұл құжат өлімнің қорқынышты бейнесін ашады. Кейде бір жазбаның алдыңғыдан аралығы бірнеше минут қана болатын.