Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-мен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
ArcelorMittal
© Sputnik / Асем МиржекееваЖазылуПрезидент шахтадағы апаттан қаза болғандардың туыстарына көңіл айттыАСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.Президент Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.Мемлекет басшысы үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.ОқиғаҚарағандыда шахтада апат болып, 11 кенші қаза тапты09:26






