Тоқаев БАӘ қорғаныс министрімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Касым-Жомарт Токаев принял государственного министра по делам обороны ОАЭ Мухаммеда бен Мубарака Фаделя Аль-Мазруи
© Пресс-служба президента КазахстанаЖазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ қорғаныс министрін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттадыАСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.»Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды», — деп жвзылған хабарламада.Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.Қорғаныс министрі мемлекет басшысына БАӘ президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және премьер-министр, Дубай әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді. Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жоспарын қолдайды — Тоқаев12:54






