ҰҚК шекарадағы кептеліс жайлы: ешқандай шектеу енгізілмеді
Ситуация на кыргызско-казахской границе
© Photo : Официальный сайт правительства КРЖазылуҰҚК қазақ-қырғыз шекарасында тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталып жатқанын атап өттіАСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекарадағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.Ведомство ақпаратынша, ҰҚК-ның Шекара қызметі шекаралық аймақта, сонымен қатар шекаралық өткізу пунктерінде құқыққа қайшы іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін өткізіп жатыр.»Қандай да бір шектеулер енгізілмеді. Өткізу бекеттері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тексеру уақытының регламенттік нормативтері қатаң сақталуда және автокөліктерді өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында», — делінген хабарламада.Бұған дейін қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекетінде жүздеген жүк көлігі кептелісте тұрғаны хабарланды.Қырғызстандық БАҚ шекарадағы жағдайға Қырғызстанның Қазақстанға су беруді тоқтатуы себеп болуы мүмкін деп болжаған.Қырғызстаннан келетін су азайды – министрлік шығынның көлемін жариялады16 Тамыз, 15:11






