20 тамыз «АрселорМиттал Теміртауда» аза тұту күні болып жарияланды
Қаза болған кеншілер
© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области ЖазылуАСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да 20 тамыз аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы компанияның сайты хабарлады.»АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Владимир Яблонский компания ұжымы атынан қаза тапқан кеншілердің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.»Бұл қаза бәріміз үшін ауыр қайғы. Орны толмас қазаға ортақтаса отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерге жан-жақты қамқорлық пен сауықтыруда көмек көрсетіледі», — деді Яблонский.Еске салсақ, 17 тамыз «Қазақстан» шахтасында өрт болды. Төтенше жағдай кезінде жер астында 227 кенші жұмыс істеп жатқан. Олардың 222-сі құтқарылды. Өкінішке қарай бес шахтер қаза болды.ҚоғамҚұтқарушылар «Қазақстан» шахтасында қаза болған бесінші кеншінің денесін тапты09:04






