8 наурыз мерекесіне орай біржолғы төлем беріледі – оны кімдер алады
/ Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖазылу
Біржолғы көмектің мөлшері 9 230 теңгені құрайдыАСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Астанада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне 34 мың әйелге біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Әлеуметтік көмекті елорданың көпбалалы аналары алады.»8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласының көпбалалы отбасыларына, көпбалалы аналарға, оның ішінде тұрмысы төмен аналарға – 34 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді», — делінген хабарламада.Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы аналарға беріледі.Атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж адамдарға тағайындалады – министр13 Ақпан, 16:30






