Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыға дәрігерлерді жіберді

Мақажанов атындағы аурухана© Photo : Пресс-служба министерства здравоохранения Казахстана ЖазылуЗардап шеккен кеншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін саланың үздік мамандарын тарта отырып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетілудеАСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бір топ дәрігерді Қарағандыға жіберді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін құрамында токсиколог, ортопед-травматолог және нейрохирург бар біліктілігі жоғары дәрігерлер тобын Қарағандыға жіберіп жатыр", — делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға 18 адам жеткізілгенін, оның 17-сіне стационарлық емдеу тағайындалғанын, 1 адам амбулаторлық емдеуден өтіп жатқанын еске салды.Зардап шеккендердің ішінде жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдан уланған, жағдайы нашарлаған 15 кенші аурухананың токсикология бөлімінде ем қабылдап жатыр.Бір адам жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр, тұрақты, есін біледі.Тағы бір кенші травматология бөлімінде медициналық көмек алуда, жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.ӨңірлерҚарағандыда шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны өсті14:28

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»