Қоғам

Жолаушылар пойызында әйелдерге гүл мен сыйлық табысталды

Архивтегі сурет© Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»Жазылу

8 наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықтыАСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалының перроны мен пойыздарда жүзден астам әйел жолаушыға гүлдер мен сыйлықтар табысталды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.Әйелдер қауымына саксофон әуені мерекелік көңіл-күй сыйлап, ал пойыздың ішінде дауыс ұлғайтқыш арқылы тілектер айтылды. Сыйлық алған әйелдер қауымы жылы лебізін білдіріп, жолсеріктерге алғыс айтты.Сондай-ақ, бұл күні еліміз бойынша 8 наурыз мерекесіне арнайы безендірілген пойыздар жолға шықты.»Ұлттық тасымалдаушы мереке күндері нәзік жандарды жыл сайын құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Барлық облыста жолаушы әйелдерді құттықтау шаралары өткізілуде», — делінген хабарламада.Айта кетері, жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында орта есеппен 13 миллионнан астам жолаушы қатынайды, олардың ішінде жартысы әйелдер қауымы.Ресейде барлық жұмыс берушіні 8 наурызда әйелдерге сыйлық беруге міндеттеу ұсынылды13:50

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»