Қоғам

Қар, боран және аяз: синоптиктер ауа райы болжамын жариялады

Архивтегі сурет© Sputnik / Абзал КалиевЖазылу

Еліміздің солтүстігінде 30 градус аяз болжанып отырАСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 6 қаңтарда солтүстік-батыста қатты қар жауады, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтілуде. 7-8 қаңтар күндері солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады.Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.»Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыс антициклон жотасының суық ауа массалары енуіне байланысты температура күрт төмендейді», — деп ескертті синоптиктер.Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта 8-25 градус аяз, солтүстікте 5-30 градус аяз, ал республиканың шығысында 5-18 градус аяз күтілуде.Оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяз және 7 градус жылы болады.Қоғам150 рет дабылды ескерту жарияланған: Смайылов тапсырма берді3 Қаңтар, 15:20

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»