Қазақстан әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
© Photo : ҰОК баспасөз қызметіЖазылу
Бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған едіАСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Колумбияның Медельин қаласында әртістік жүзуден әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.»Ерлер арасында Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким ірі халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Спортшы еркін бағдарламада топ жарып, 195.2476 ұпай жинады», — деп жазылған хабарламада.Сондай-ақ әйелдер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан құрамасы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.Айта кетейік, бұған дейін техникалық бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин үшінші орын алған еді.Қазақстан спортшысы Михаил Шайдоров қысқы Олимпиаданың алтын медалін иелендіКеше, 09:14






