Қоғам

Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді

 / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет© Sputnik / Юрий Куйдин / Медиабанкке өтуЖазылу

Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін қордың президенті болып сайландыАСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. 2024 жылдан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстанға өтті, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.Еліміз осы ұйымды алдағы үш жыл бойы басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін қор президенті болып сайланды.»Біз Орталық Азия мемлекеттерімен, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен ынтымақтастықты арттыруды жоспарлап отырмыз. Биыл біз Дүниежүзілік банкпен бірге жүзеге асырылып жатқан Солтүстік Аралды сақтау жобасының екінші кезеңін бастаймыз. Арал теңізін құтқару – бұл ХАҚҚ-ға қатысушы барлық елдің бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана орындалатын міндет. Алдағы үш жылда біз осы бағытта маңызды нәтижелерге қол жеткізуге ниеттіміз», — деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Халықаралық Аралды құтқару қорының құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді. Қор Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ жалпы әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған бірлескен мемлекетаралық экологиялық және ғылыми-практикалық бағдарламалар мен жобаларды іске асырумен айналысады.ҚоғамТоқаев Аралды құтқару қорын дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты15 Қыркүйек 2023, 13:53

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»