Қоғам

Польшалық әуе компанияға Алматыға ұшуға шектеу қойылғаны рас па

Архивтегі сурет© Sputnik / Владислав ВодневЖазылуКомитет атап өткендей, Алматы әуежайында шетелдік әуе компаниялар үшін рейстерді орындауға шектеу жоқАСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті польшалық LOT Polish Airlines әуе компаниясының Алматы қаласына рейстері шектелгені туралы ақпарат жалған екенін мәлімдеді.»Әлеуметтік желілердегі польшалық «LOT Polish Airlines» әуе компаниясының Алматы әуежайына ұшуына шектеу қойылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.Комитет Алматы әуежайында «ашық аспан» режимі жұмыс істейтінін және шетелдік әуе компаниялар үшін рейстерді орындауға шектеу жоқ екенін атап өтті.»LOT Polish Airlines» әуе компаниясынан Алматы әуежайына рейстерді орындауға сұраныс түскен жоқ», — дейді комитеттегілер.LOT Polish Airlines әуе компаниясы Астанаға 2017 жылдан бастап ұшады. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Польша астаналары арасындағы рейстер аптасына 3 рет (дүйсенбі, сейсенбі, жұма) орындалады.ҚоғамFlyArystan Алматыдан Ақтөбеге тікелей рейстер ашады22 Қыркүйек, 17:49

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»