Қоғам

Балалар да ойнаған: заңсыз онлайн-казино ашқандарға қатысты тергеу басталды

 / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өтуЖазылуАСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз «1WIN» онлайн-казино ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.»1WIN» онлайн-казиносы Қазақстан аумағында ғана емес, ТМД мен алыс шет елдерде де жұмыс істеген. Онлайн платформа мыңдаған отандасымызды заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, тиісті лицензиясыз букмекерлік қызмет атқарған.»Ақша ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданған. Бұл кәмелетке толмағандардың да құмар ойын ойнауына мүмкіндік берді», — деп хабарлайды ҚМА.Қазақстан заңнамасы бойынша елде онлайн-казиноға тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ғана ұсынылады.Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылды. Қажетті тергеу және жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.ҚоғамБиыл заңсыз жұмыс істеген 3 670 онлайн-казино бұғатталды11 Шілде, 16:30

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»